Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда табысын жасыратындармен күрес жүйесі өзгерді

Қазақстанда табысын жасыратындармен күрес жүйесі өзгерді

Қазақстанда табыстарды жасыруға қарсы әрекет ету жүйесі өзгереді. Нұрсұлтан Назарбаев заңнаға енгізілетін қажетті түзетулерге қол қойды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қыметі.

Енгізілетін өзгерістер қылмыс жолымен алынған табысты заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет ету жүйесін жақсартуға мүмкіндік береді. Бұған дейін түзетулерге сәйкес, қаржылық мониторинг субъектілерінің тізімі кеңейтілетіні туралы айтылған еді. Тізімге лизинг қызметін жүзеге асыратын тұлғалар және асыл тастар мен металдармен жүргізілетін операциялар, ломбардтар, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату аясындағы делдалдар және төлемдерді қабылдаушы операторлар кіреді. Сонымен қатар, ақшаның ізін жасыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет ету аясындағы проблемаларды айқындау мақсатында тәуекелдерді бағалаудың ұлттық жүйесі құрылады. Терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет етуге тоқталсақ, терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар жеке тұлғалардың немесе ұйымдардың активтерін оқшаулау ұсынылып отыр. Жалпы алғғанда заң жобасы 15 заңнамалық актіге өзгертулер енгізуді меңзейді. Сондай-ақ Президент Ресей мен Литва арасында реадмиссия туралы келісімдерді бекіту туралы екі заңға қол қойды.  

Похожие материалы