Экономика
Қазақстанда террористік қауіптің сары деңгейі ұзартылды
Ақтөбе болған террорлық әрекеттен соң жарияланған террористік қауіптің сары деңгейі ұзартылды, - деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
Хабарламада "Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығы 2016 жылғы 16 шілдеден еліміздің барлық аумағында бірқалыпты ("сары") террористік қауіптілік деңгейінің әрекет ету мерзімі 30 тәулікке созылатыны жөнінде хабардар етеді", - деп жазылған.
Одан бөлек, шешімді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» жарлығы талаптарына сәйкес қабылдады.
Айта кетейік, 2016 жылдың
5 маусымында Ақтөбеде теракт болып, салдарынан ондаған адам қаза тапқан. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілген болатын.