Алматы. 26 қаңтар. 7kun.kz - 2017 жылдың екінші тоқсанында Қызылорда облысында әйнек шығаратын зауыт іске қосылады. Құрылыс жұмыстарының барысымен премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин танысып қайтты.
Кәсіпорын жылына 200 мың тонна жұқа қабатты, энергия үнемдеуші, күннен қорғайтын және көп функционалды әйнектер шығаратын болады.
Жоба операторы – OrdaGlassLtd. Жобаға Қазақстан инвестициялық қорының қосқан үлесі - 79,71 пайыз, ал Stewart Engineers үлесі - 20,29 пайыз. Зауыт құрылысына 42,07 млрд теңге қаржы салынды. Оның 20 пайызы жеке қаражаты, ал 80 пайызы Қазақстан даму банкінен алынған қарыз. Кеткен шығын 11 жылда ақталады деп жоспарланып отыр.
Зауыт өнімінің 70 пайызы ішкі нарыққа жіберіледі. Ал 30 пайызы – экспортқа. Еске салайық, кәсіпорын құрылысы 2016 жылдың екінші жартысында басталған.