Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы алғашқы Макдональдс мейрамханасының құрылысы 2016 жылға шегерілді

Қазақстандағы алғашқы Макдональдс мейрамханасының құрылысы 2016 жылға шегерілді

"Макдональдстың"  Қазақстандағы алғашқы мейрамханасы 2016 жылдың алғашқы жартысында  ашылады. Бұл туралы брендты пайдалануға рұқсат алған Food Solutions KZ хабарлады.

Алдағы 2 жылда компания Алматы мен Астанада жылдам тамақтанатын орындарын ашады. Алғашқы кәсіпорын Алматы қаласында орналаспақ. Компания Қазақстандағы алғашқы мейрамханасын 2015 жылдың II жартысында ашуды жоспарлаған еді. Сол кезде франшизаға ие болған кәсіпкер, "Алмалы" актив басқаратын компаниясы" холдингінің директоры Қайрат Боранбаев деп хабарланды.Сонымен қатыр Қ. Боранбаев Беларусияның "Макдональдс" франшизасына да ие. Естеріңізге сала кетейік, мейрамхана ғимараты қазіргі «Алатау» кинотеатрының орнында яғни Төле би көшесі, 41 мекен-жайы бойынша орналасады. "Макдоналдс" мейрамханалары әлемнің 100-ден астам елінде бар және күн сайын 70 млн-нан астам клиенттерге  қызмет көрсетеді.

Похожие материалы