Алматы. 13 наурыз. 7kun.kz - Қаңтар айында еліміздегі банк секторының көлемі 338,4 млрд теңгеге немесе 1 пайызға азайды. Осыдан бір жыл бұрын 2016 жылдың қаңтарында еліміздегі банк секторы 728,3 млрд теңгеге көбейген еді деп жазады Ranking.kz.
Банк активтерінің көлемінің азаюы еліміздегі кредиттендірудің қысқаруымен қатар жүріп жатыр. Қаңтар айында банктердің қарыз портфелі 207,3 млрд теңгеге немесе 1,3%-ға кеміді.
2017 жылдың қаңтарында активі бойынша ең жоғары өсім Еуразиялық банкке тиесілі. Бір ай ішінде банк активі 61,7 млрд теңгеге артып, 1,06 трлн теңгені құрады.
Бір айдағы өсім бойынша екінші орында Сбербанк тұр, қаңтар айында активі 49,8 млрд теңгеге көбейіп, 1,71 трлн теңге болды.
Үштікті қаржы көлемі 1,41 трлн теңгеге дейін жеткен АТФ Банк қорытындылайды.
Еске салайық, 2016 жылы банк секторы белсенді түрде көбейген еді. Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында банктердің жалпы активі 1 трлн теңгеге немесе 4 пайызға артқан.