Қазақстандағы тазартылмаған болат өндірісі 2015 жылдың қаңтар-ақпан айында 509, 963 мың тоннаны құрады. Бұл дегеніміз өткен жылдың осы уақыт аралығындағы өндірісінен 14,2%-ға төмен, деп хабарлайды ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, есептік кезеңде тегіс темір бұйымдар өндірісі республикада 368,137 мың тоннаны құраған (0,6%).
Ал, республикадағы ферроқорытпалар өндіріс есептік кезеңде 290,852 мың тонна өндірілген (5,5%-ға жоғары).