
Burger King жылдам тамақтандыратын дәмханалар желісі 2015 жылы Қазақстанда 10 жаңа мейрамхана және құны 5 млн доллар болатын фуд-корт ашпақ.
"2015 жылы тағы да 10 мейрамхана және фуд-корт ашуды жоспарлап отырмыз. Оның бесеуінің құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, 140 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 4 "Автоэкспресс" мейрамханасы да есігін ашпақ",- деді Burger King-тың Қазақстандағы бас директоры Самир Нашед. Құрылысқа салынған инвестиция көлемі 5 млн долларды құрайды.
Burger King дәмханалар желісінің әлемнің 83 елінде 12 мыңнан астам мейрамханалары бар. Қазақстанда компания 2012 жылдан бастап жұмысын бастаған.