Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы e-commerce нарығының үздіктері анықталды

Қазақстандағы e-commerce нарығының үздіктері анықталды

Алматы. 30 қазан. 7kun.kz - Қазақстандағы e-commerce нарығының көлемі 2016 жылы 226,4 млрд теңгеге жетті. Өсім 45,4 пайызды құрады. Бұл туралы Baker Tilly Kazakhstan Advisory хабарлайды.

Рейтингке тек айналым көлемі 2,5 млн АҚШ долларын құраған компаниялар ғана алынған. Қазақстанда мұндай e-commerce айналым көлемін көрсеткен 25 компания тіркелді.

Алғашқы ондыққа Airastana.com (жалпы ақшалай түсім – 75 млн доллар), Lamoda.kz (67,7 млн доллар), Aviata.kz (40 млн доллар), Kaspi.kz (35 млн доллар), Wildberries.kz (34,2 млн доллар), Chocotravel.com (19,5 млн доллар), «Отто Групп Казахстан» (Otto-trade.kz, Quelle-kz.ru, Bonprix.kz — 15,5 млн доллар), Sulpak.kz (15,2 млн доллар), Technodom.kz (13,7 млн доллар) кірді.

Аталған компаниялардың кірісі Қазақстандағы e-commerce табысының 76,5 пайызын (359,3 млн АҚШ доллар) құрады.

Сарапшылар Қазақстандығы e-commerce нарығының артуына мобилді құрылғылар мен төлем карталарын пайдалану артқандығынан деп түсіндіреді.

       

Похожие материалы