Экономика
Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі қандай?
Алматы. 20 желтоқсан. 7kun.kz - Қазақстанда 2016 жылдың үшінші тоқсанында халықтың 2,5%-ы күнкөріс минимумынан (кедейлік деңгейі) төмен деңгейді көрсетті, деп хабарлайды статистика комитеті.
Ведомствоның мәліметінше, кедейлік деңгейінде 76,9 мың отбасы тұр (452.2 мың адам), ал бұл көрсеткіш бір жыл бұрын 74,9 мыңды құраған. (446.1 мың адам).
Күнкөріс деңгейінен төмен деңгейді көрсететін халықтың үлесі қалалық жерлерде - 1,2% -ды, ал ауылдық жерлерде - 4,4%-ды құрады. Ал осы көрсеткіштің ең жоғары мəні - Оңтүстік Қазақстан облысында (5,0%), Атырау және Жамбыл облыстарында (3,3%), ал ең төменгі деңгейі - Астана (0,9%) және Алматы (1,1%) қалаларында тұрады.
Осыған сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысында кедейлік деңгейінде 143,7 мың адам, Атырау облысында - 20,2 мың адам, Жамбыл облысында - 36,6 мың адам тұрса, ал Астана қаласында - 8,2 мың адам және Алматыда - 19 мың адам тұрады.
Ұлбосын Найзақұл «7»