Қазақстанда 2015 жылдың қаңтар-ақпан айында 18,337 млн тонна көмір өндірілді. Аталған көрсеткіш 2014 жылдың қаңтар-ақпан айларына қарағанда 3,3%-ға аз деп хабарлайды экономика министрлігінің статистика комитетінен.
Қазақстандағы көмір өндірудің негізгі орталықтары - Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облысы.
Ал мұнай өндірісі 2014 жылмен салыстырғанда 13,3 млн тоннаға өскен. Осы арада азық-түлік өнімдері, сусындар, темекі, қағаз және көлікқұрылыс өнімдерінің өндірісі азая түсті. Төмендеу Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар жәнеШығыс Қазақстан облыстарында тіркелген.