Экономика
Қазақстандағы кәсіпкерлердің орташа жасы 40-та
Қазақстандағы кәсіпкерлердің орташа жасы 40-та. Ал жұмыспен қамтылған 15-28 жас аралығындағы жастардың саны - 2 млн 376 мың адам болды. Мұндай мәліметті "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы келтірді деп хабарлайды Kapital.kz.
ҰКП-ның аймақаралық отырысындағы (Оңтүстік Қазақстан облысы) мәлімет бойынша, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жастар саны 270 мың (11%) адамды құрады.
Оңтүстік Қазақстанда 18-29 жас аралығындағы жастардың саны 773 мың адамды құрайды (28,2%-ы Оңтүстік Қазақстан облысы). Ауыл-аймақтағы жастар саны - 473 мың адам (61,2%), қала жастары – 300 мың адам (38,8%).
ҰКП-ның аймақаралық кеңесінде мәлімденгендей, кәсіпкерлік іске жұмысқа қабілетті жастарды тарту керек. Жастар кәсіпкерлігі орта және шағын бизнесті басым бағытта дамытуға мүмкіндік береді.
Фото: liter.kz