Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы коммуналды қызмет бағасы қымбаттады

Қазақстандағы коммуналды қызмет бағасы қымбаттады
 Қазақстандағы кәріс және қоқыс шығару қызметтері 2016 жылдың басынан бері тиісінше 25% және 11%-ға қымбаттаған. Бұл туралы статистика комитетінен хабарлайды. 
Қаңтардан бері суық су бағасы 12,4%-ға, газ 9,2%-ға қымбаттаған. Ал электроэнергия 4,8%, орталық жылу жүйесі 7,3%-ға, ал ыстық су 4,4%-ға көтерілді.

Тұрғын үй тазалығы мен жөндеу жұмыстарына қатысты қызмет құны тиісінше 3,7%-ға және 5,3%-ға жоғарылады.

Жалпы 2016 жылдың басынан бер Қазақстандағы ақылы қызметтер бағасы 4,9%-ға қымбаттады. Тұрғын үй қызметтерінің секторындағы тарифтердің орташа өсімі 5,8%-ды құрайды.

Айта кетейік, Қазақстандағы инфляция жыл басынан бері 5,4%-ды құрады. Басқаларына қарағанда жарма, қант, шай, картоп және нан бағасы қымбаттаған.

Похожие материалы