Экономика
Қазақстанда анықталған контрабанда көлемі 3,3 млрд теңгені құрады
Алматы. 2 мамыр. 7kun.kz - 2018 жылдың бірінші кварталында анықталған контрабандалық тауарлардың көлемі 3,3 млрд теңгеге тең деп жазады lsm.kz.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп. 2017 жылдың алғашқы кварталында анықталған контрабандалық тауардың көлемі 1,7 млрд теңгені құраған еді.
2017 жылдың қорытындысы бойынша кеденде контрабандағы қатысты 155 қылмыстық іс тіркелген болса, 2018 жылдың бірінші кварталында бұл көрсеткіш 36-ға тең.
"Контрабандалық тауарлардың басым бөлігі Қытайдан алып келінеді. Сонымен қатар, Түркия, Өзбекстан, БАӘ, Иран, Литва және Латвия секілді Балтық елдерінен контрабандалық тауарлар көптеп алынып келеді",-деді мемлекеттік кірістер комитетінде.