Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы құмар ойын мекемелері табыстарын 34 пайызға ұлғайтты

Қазақстандағы құмар ойын мекемелері табыстарын 34 пайызға ұлғайтты

Алматы. 6 маусым. 7kun.kz - 2018 жылдың бірінші тоқсанында құмар ойындар мен бәссауда ұйымдастырумен айналысатын компаниялар 5,4 млрд теңге табыс тапты, деп хабарлайды LS.

2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (4 млрд теңге), табыс 34,2%-ға өсті.

Бірінші тоқсанда ойын бизнесі бойынша төленген салық 5,5 млрд теңгені құрады. Бір жыл ішінде ол 2,3 млрд теңгеден 2,4 есеге артты.

Оның ішінде 2,7 млрд теңгені Алматыдағы компаниялар, 1,7 млрд теңгесін Алматы облысындағы компаниялар төледі.

Похожие материалы