Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы маусым айындағы орташа жалақы - 131 769 теңге

Қазақстандағы маусым айындағы орташа жалақы - 131 769 теңге

2016 жылдың маусымындағы есеп бойынша қазақстандық қызметкердің орташа жалақысы 131 769 теңгені құрайды. Бұл туралы ұлттық экономика министрлігі хабарлайды. 

Ал 2016 жылдың мамырындағы орташа номиналды жалақы 133 991 теңге болған еді. Сол периодтағы есеп бойынша, халықтың жан басына шаққандағы орташа номиналды ақшалай табысы 69 913 теңгеге жетті. Бұл 2015 жылдың мамырындағы көрсеткішпен салыстырғанда 5,6%-ға артық. 2016 жылдың маусымындағы жұмыссыздар саны - 438,7 мың адам. Жұмыссыздық көлемі 4,9%-ды құрады. Еңбекпен қамту орындарындағы жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 2016 жылдың маусымының соңында 68,5 мың адамды құрайды. Бұл жалпы экономикалық белсенді халықтың 0,8%-ын құрайды.

Похожие материалы