Алматы. 28 мамыр. 7kun.kz - Мәжілістің вице-спикері Владимир Божко азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты күшейтуге шақырды, деп хабарлайды LS.
Божконың айтуынша, 2017 жылы жалған өнімдердің негізгі бөлігі сүт және май өнімдеріне тиесілі. Бұл - қоюландырылған және ішетін сүт, қаймақ, май, ірімшік, йогурт.
«Бұл өнімнің 493 үлгісінен 142 немесе 29%-ы жалған болып шықты. Көбінесе сүт өнімдерінің бұрмалануы және өсімдік майының жасандылығы пальма майының қосылуы себебімен болады. Десе де, оның импорты Ресей мен Қазақстанға жылына 40-50%-ға қымбаттап келеді», - деді Божко.
Оның айтуынша, үш жыл және 2018 жылдың екі айында Қазақстанға пальма майын импорттау көлемі 46,6 мың тоннаға дейін артты.
«Негізгі тұтынушылар болып ірі компаниялар, сондай-ақ нан және кондитерлік өнімдерді өндірушілер есептеледі. Айта кетерлігі, пальма майы қатты қызып кеткен жағдайда елеулі канцерогенге айналады. Ал, оның бізге қандай пероксид мөлшерінде жеткізілетіні белгісіз. Еуропада бұл сан 0,5 мольден аспайды, ал, бзде, неге екені белгісіз, қандай да бір себептермен 10-ға дейін рұқсат етілген», - деді вице-спикер.