"Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Светлана Алексеевна Сагайдак өзінің бастамасымен уәкілеттігін тоқтатқаны туралы мәлімдеді. Бұл туралы KASE сайтында хабарланды.
Айта кетейік, Светлана Сагайдак банкті бар болғаны екі ай ғана басқарды. С.Сагайдак 2016 жылдың сәуір айынан бері еншілес банктің басқарма мүшесі және «Сбербанк» көпшілік акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары болған.
Ұлттық банк мәліметі бойынша Сбербанктің қазақстандық еншілесі 2015 жылғы есепке сәйкес, актив көлемі бойынша 35 банктің ішінде 4 орынға ие.