Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы ұшу тұрақтылығы 87 пайызды құрады

Қазақстандағы ұшу тұрақтылығы 87 пайызды құрады

Алматы. 14 желтоқсан. 7kun.kz - Инновациялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінде қазақстандық әуе компаниялар мен әуежай өкілдерінің қатысуымен ұшу тұрақтылығына арналған кеңесінде 2017 жылдағы рейстердің тұрақтылығы туралы айтылды.

2017 жылдың 11 айында Қазақстандағы ұшу тұрақтылығы 87,1%-ды құрады. «Эйр Астана» әуе компаниясында - 86,99 %, «SCAT» әуе компаниясында - 89 %, «Бек Эйр» әуе компаниясында - 94 %, «Qazaq Air» әуе компаниясында - 82,8 %, «Жетісу» әуе компаниясында - 94 %, «Жезказган Эйр» әуе компаниясында - 97,9 %, «Южное небо» әуе компаниясында - 93,1 %. Кешігулердің негізгі себептері: әуе кемелерінің кешігуі (2 844 рейс), техникалық себептер (915 рейс), күрделі ауа райының жағдайы (635 рейс), жолаушылар мен жүкке байланысты себептер (431 рейс), әуежайларда жер үсті қызметіне қатысты (200 рейс). Бұған қоса, Астана әуежайында 10 күн бойы және Алматыдағы әуежайда мамыр-желтоқсан айларында жоспарланған ұшу-қону жолақтарын жөндеу жұмыстары рейстердің тұрақтылығына кері әсер етті. «Эйр Астана» әуе компаниясы тек екі себеп бойынша кешіктірілген рейстердің саны шамамен 780-ге жетті (бұл әуе компанияның үлесі жалпы кешігу санының 14% құрайды). Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда рейстердің тұрақтылығының төмендегені байқалады. Өткен жылдың 11 айында тұрақтылық 89,95 %-ды құрады. Бұл ретте айта кету керек, қазақстандық әуе компаниялар орындаған тұрақты рейстер саны 15%-ға артты.

Похожие материалы