Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда іске қосылған жаңа кәсіпорындар саны 40 мыңнан асты

Қазақстанда іске қосылған жаңа кәсіпорындар саны 40 мыңнан асты

Алматы. 12 қыркүйек. 7kun.kz — Қазақстанда екі жыл қатарынан жаңа кәсіпорындардың саны көбейіп жатыр. Бұл туралы finprom.kz хабарлайды.

Қазақстанда бір жыл ішінде іске қосылған кәсіпорындар саны 14,4 пайызға (5,1 мың бірлікке) көбейді. 2017 жылдың қыркүйегінде мұндай кәсіпорындардың саны 40 мыңнан асты. Бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш.

Бір жыл ішінде уақытша белсенді қызмет атқармайтын кәсіпорындар саны 6,1 пайызға (4,2 мың бірлікке) азайған.

Осылайша, қазіргі әрбір 4 жаңа кәсіпорын ашылған сайын, 7 белсенді қызмет атқармайтын кәсіпорын жұмысын тоқтатады. Бұл коэффициент өткен жылы аз көрсеткішті көрсеткен. Яғни өткен жылы әрбір 4  жаңа кәсіпорын ашылған сайын, 5 белсенді қызмет атқармайтын кәсіпорын жұмысын тоқтатып отырған.

Әдеттегідей жаңа қатысушылардың саны сауда саласында белсенді өсіп келеді. Олар бір жылдың ішінде  24,7 пайызға (2,3 мың) артты.

2017 жылы қазақстандықтардың ауыл шаруашылығына деген қызығушылығы артқан. Осы салада жаңа кәсіпорындардың саны 2 есе (1,3 мың) өскен.

Жаңа кәсіпорындар санының өсуі құрылыс саласынан басқа, экономиканың барлық секторларында байқалады. Құрылыс саласында жаңа ұйымдардың саны 484 (9,3 пайыз) кәсіпорынға қысқарған. Сауда, көлік, туризм, қаржылық қызмет, байланыс, кәсіптік және ғылыми қызмет салаларында қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпорындардың көп бөлігі  Алматы және Астана қалаларына тиесілі.

Айта кетейік, Қазақстанда "Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы" да кәсіпорындардың көптеп ашылуына ықпалын тигізген. Осы бағдарлама бойынша  ауыл тұрғындары және қала  азаматтарына өз бизнесін ашу үшін, 16 миллион теңгеге дейін микрокредит алуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, президент «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге бизнеске жұмсалатын шығындардың барлық түрлерін қысқарту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырған.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы