Экономика
Экономика1
Қазақстандағы жанармай бағасы рубль курсына тәуелді
Қазақстандағы АИ-92 маркасының бағасы рубль курсына тәуелді болады. Бұл туралы энергетика министрі Владимир Школьник мәлімдеді.
"Доллармен санағанда жанармай бағасы төмендеді. Бірақ біз теңгемен есептесетін болғандықтан, баға Ресей Федерациясындағы рубль курсының қандай болатындығына және алдағы 3 айда теңге курсының долларға қатысты қалай өзгеретіндігіне байланысты", - деп мәлімдеді Владимир Школьник.
Оның атап өтуінше, елде АИ-92 маркасындағы жанармайдан тапшылық жоқ. Бүгінде елге 41 мың тонна жанармай әкелінген, қазіргі кездегі оның қоры 214 мың тоннаны құрайды.