IT, Технология
Қазақстанда қымбат гаджеттерге сұраныс азайды
Қазақстанда қымбат гаджеттерден гөрі В категориясына жататын техника брендтерінің сатылымы өсіп келеді. Бұл туралы Alser интернет-дүкенінің директоры Димитрий Хамчуков LS-ке берге сұхбатында мәлімдеді.
Оның сөзіне қарағанда, техника ретейлерлері сату процесін бақылап отыр. Қазақстандағы смартфондарға деген ұсыныс артып жатыр.
2015 жылдың басында Alser.kz-те сатылған техника ішінде смартфондардың үлесі 35% болған. Сондай-ақ, сатылымның өсуі өткізілген акцияларға байланысты. 2014 жылмен салыстырғанда биыл ноутбуктердің сатылымы 2,8 есе қысқарған.
"Біз қазір тауарлардың жаңа категориялары арқылы төмендеп кеткен сатылымның орнын жабуға тырысып жатырмыз. Бұрын барлығы ноутбуктің сатылымына байланысты болатын. Бізде Lenovo және Asus ноутбуктерінің үлесі жақсы, ал смартфондар әрқашан қолжетімді болды. Ал плданшеттерден No-name-брендтерді алып келеміз. Оларды бағасына байланысты көп алады. Қазір техниканы таңдауда алдымен бағасы маңыздырақ болып отыр", - деді ол.
Хамчуковтың бақылауы бойынша, сатылымның 8%-ы интернет-дүкенге тиесілі. Сондай-ақ, компания девальвациядан кейінгі жағдайды да анықтап көріпті.
"Девалвацияға дейін біз жыл сайынғы сатылымды 20%-ға жеткізуді жоспарлаған едік. Қазір теңгеге байланысты жылына 15%-ға ғана өсеміз. Электроникаға сұраныс азайды. Жаңа iPhone-ның шығуы аздап дем беріп отыр, бірақ халықтың жағдайы барған сайын төмендеп барады. Алайда интернет онлайн клиенттердің көмегімен өсе береді. Қазақстандықтар онлайн арқылы тез тапсырыс бере алады. Осыдан екі жыл бұрын интернет-дүкеннің не екенін білмегенмен, қазір бұл ешкімге таңсық емес», - деді Д. Хамчуков.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық құрастырушылар интернеттік сатылымға байланысты дербес менеджер ойлап тапқан еді. Mikee – интернет-дүкенде тауар іздеуге арналған интелектуалды жүйе немесе сатып алуға мүмкіндік беретін жеке менеджер. Аталған жүйе онлайн режимде тауарды белгісі бойынша тауып береді. Сондай-ақ, тауарға қатысты сипаттаманы, оның бағасын, акциялар мен жеңілдіктерге қатысты ақпаратты ұсына алады. Тауарды іздестіру кезіндегі жылдамдығы Google және Shazam музыка бағдарламасынан кем емес.