Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда жүк айналымы төмендеді

Қазақстанда жүк айналымы төмендеді

Қазақстанда биыл қаңтар-шілде айларындағы жүк айналымы 2014-жылмен салыстырғанда 6,4 пайызға төмендеп, 282,140 млрд. тонна/км-ді құрады деп хабарлайды Экономика министрлігінің статистикалық комитеті.

Республикадағы теміржол саласындағы жүк айналымы 14,7 пайызға, әуе жүк айналымы 15,8 пайызға, теңіз жүк айналымы 26,3 пайызға төмендеген. Тек автотранспорт саласындағы жүк айналымы ғана 3,9 пайызға жоғарылаған. Сонымен қатар, жолаушы тасымалы саласы да өткен жылмен салыстырған да 3,2 пайызға өскен.

Похожие материалы