Алматы. 2 сәуір. 7kun.kz - 2018 жылдың ақпан айында жұмыссыз қазақстандықтардың саны 440,7 мыңға жетті.
2017 жылдың 4 тоқсанында елдегі жұмыссыздар саны 439,3 мың болды. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 0,4 пайызға аз. 2017 жылдың басынан бері жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз болды.
2017 жылдың 4 тоқсанының қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасындағы 16 облыстың 7-еуінде жұмыссыздар саны қысқарды.
Жұмыссыздық мәселесімен күресте алдыңғы қатарда - Қарағанды облысы. Бір жыл ішінде жұмыссыздар саны 7 пайыз, яғни 32,2 мың адамға қысқарды.
Сондай-ақ, жұмыссыздықпен күресте алдыңғы қатарда - Қостанай (жұмыссыздық 5 пайыз, яғни 24,5 мың адамға қысқарды) және Ақмола (жұмыссыздық 2,8 пайыз, яғни 20,6 мың адамға қысқарды) облыстары.
Бәрінен де жұмыс табу мәселесінде астаналықтар қиналады. Аталған қалада жұмыссыздар саны бірден 6,8 пайыз, яғни 23,8 мың адамға көбейген.