Алматы. 1 тамыз. 7kun.kz – 2018 жылдың екінші тоқсанында ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 209,3 мың адам қабылданды, түрлі себептермен – 216,3 мың адам жұмыстан кетті. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.
Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында тұрақтамау себептері бойынша жұмыстан босатылғандар 77,1%, қызметкерлер санының қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты – 3,6%, басқа себептер бойынша – 19,3% құрайды.
2018 жылғы екінші тоқсанның соңына ірі және орта кәсіпорындармен ұйымдарда 31,4 мың бос жұмыс орын мәлімдеген.
Ағымдағы жылғы екінші тоқсанында қабылдау бойынша айналым коэффициенті 7,6%, жұмыстан босату бойынша айналым коэффициенті – 7,8%, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті – 6,0% құрады. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 96,8% құрады.