Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Toyota көліктер сатылымы бойынша көш бастап тұр

Toyota көліктер сатылымы бойынша көш бастап тұр

Алматы. 13 қазан. 7kun.kz — 2017 жылдың қаңтар-қыркүйегінде республика аумағында ең көп сатылған Toyota автокөлігі деп хабарлады «ҚазАвтоПром» АҚ-ның баспасөз қызметі.

2017 жылдың қаңтар-қыркүйегінде ресми дилерлердің автосалондарында 32 181 автокөлік сатылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9 пайызға көп.

Кәсіподақтың мәліметі бойынша, жаңа автокөліктерді сатып алуға қазақстандықтар 785,4 млн доллар жұмсады. Бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 36,2 пайыз жоғары.

Өткен тоғыз айдың қорытындысы бойынша 10 мың 650 сатып алушы (33,1 пайыз) отандық автокөлік зауыттарының өнімдерін сатып алған.

Қазақстандағы автокөліктердің сатылым рейтингісінде Toyota компаниясы көш бастап тұр. Республика аумағында 2017 жылдың қаңтар-қыркүйекте 6839 жапон маркалы автокөлік сатылды. Lada 5691 бірлікті құрады. Үшінші орында сатылған Ravon автокөлігі саны - 2846 бірлік. Алғашқы бестікте Hyundai (2291 бірлік) және Renault (1933 бірлік) маркалы көліктері бар.

Жеңіл көліктер рейтингінде ең көп сатылған седан Toyota Camry  (2 596 бірлік), жол талғамайтын Lada 4x4 (1 874 бірлік) және Ravon Nexia (1 588 бірлік). Сонымен қатар бестікте Lada Granta (1 236 бірлік) және Toyota Rav4 (1 132 бірлік) көлік моделдері бар.

Алматы қаласының тұрғындары жаңа автокөлікті (8017 бірлік) белсенді сатып алғаны байқалады. Қазақстанның басқа да қалаларында Астана (6115 бірлік), Шымкент (2171 бірлік), Атырау (2148 бірлік), Қостанай (1979 бірлік), Қарағанды (1798 бірлік), Өскемен (1642 бірлік), Орал (1594 бірлік), Ақтау (1243 бірлік) және Ақтөбе (1211 бірлік) автокөлік сатып алынған.

Похожие материалы