Алматы. 10 шілде. 7kun.kz - 2017 жылдың 27 шілдесінен бастап Қазақстанда "ЕТС-Тендер" инновациялық сауда алаңы ресми түрде іске қосылады. ЕТС тауар биржасының баспасөз қызметі хабарлады.
Жоба қазақстандық ЕТС тобы және ресейлік B2B-Center корпоративті электронды сауда жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта жаңа сауда алаңы демонстрациялық режимде жұмыс істеп жатыр. Саудаға қатысушылар алаңға тіркеліп, платформаның мүмкіндіктерімен таныса алады.
Баспасөз мәліметінше, жоба ресми іске қосылғаннан бастап 2017 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жеткізушілер үшін жеңілдіктер болады.
"Электронды алаңsның тұтынушылары - елде жұмыс істейтін 4000-нан астам орта және ірі тапсырыс берушілер. Қазіргі уақытта Ресейдің ірі компанияларының 6 пайызы электронды алаңдарда сауда жасайды. Біздің елдердің экономикасының құрылымы ұқсас. Сондықтан Қазақстан кәсіпорындарының жартысынан көбі өз сату/сатып алуларын электронды формаға салады деп үміттенемін", - деді B2B-Center-дің бас директоры Алексей Дегтярев.