Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда жаңа ұлттық компания құрылады

Қазақстанда жаңа ұлттық компания құрылады

Астана. 1 қаңтар. 7kun.kz - Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жаңадан құрылатын ұлттық компанияға қатысты түсініктеме берді. Осыған дейін Қазақстан халқына арнаған жолдауында Нұрсұлтан Назарбаев арнайы тапсырма берген еді. 

"Бізде инвестиция тартумен айналысатын бірнеше ұйымдар бар. Осыған байланысты мемлекет басшысы барлығы үшін "ортақ терезе" болатын бір компания құруды тапсырды. Инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара келіссөздер осы компания арқылы өтуі қажет. Ол компания құрылады", - деді Тимур Сүлейменов үкімет отырысынан кейінгі баспасөз отырысында.

Оның сөзінше, премьер-министр жаңа компания үшін не істеу керектігі, қандай процедуралық қадамдар керектігі туралы нақты түсіндірген. Еске салайық, дәстүрлі жолдауында Н.Назарбаев  «Самұрық-Қазына» холдингін сапалы түрде трансформациялап, «Бәйтерек» және «ҚазАгро» холдингтерін қайта құру туралы тапсырма берген.

Похожие материалы