Алматы. 11 шілде. 7kun.kz - Қазақстанда 2018 жылдың мамырымен салыстырғанда маусымда тұрғын үйдің бағасы 0,2% өсті, деп хабарлайды Экономика министрлігінің статистика комитеті.
Статистикаға сүйінсек, қайталама нарықта жайсыз тұрғын үйдің бағасы 0,1% өссе, жайлы тұрғын үйлердің бағасы өзгермеді. Жайлы тұрғын үйдің жалдама бағасы да мамыр айынан өзгеріссіз. Орта есеппен республика бойынша 2018 жылдың маусымында 1 квадрат метрдің бағасы 264 мың 293 теңгені құрады. Алып-сатылған жайлы тұрғын үй 186 мың 631 теңге, жайсыз тұрғын үй 115 мың 582 теңге болды. Жайлы тұрғын үйдің жалдама бағасы орта есеппен квадрат метріне 1341 теңге.