Экономика
Қазақстанда жаңа темір жол желісі салынады
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл ел аумағына таралатын жаңа темір жол желісі қажет деп есептейді.
"Қазақстанның бүкіл аумағын қамтып, Ақтау теңіз портына дейін баратын жаңа темір жол желісін салу қажет", -деді ол Астанада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында. "Қазір осыған байланысты келіссөздер жүргізіліп жатыр", -деп түсіндірді мемлекет басшысы. Ол біздің "халықаралық транспорттық коммуникациялық ағынға қосылуымыз қажет екендігімізді" атап өтті.
"Бұл мәселеге қатысты жоспарларымыз бар. Біріншіден, мультиүлгілі жоғарыжылдамдықты еуразиялық трансұлттық дәліз құрылуы қажет", - деп есептейді мемлекет басшысы.
"Жоғарыжылдамдық желінің қосылуы әуе, теңіз, темір жол, автомобиль хабарламаларын бір корпорацияға, компанияға біріктіреді", - деді ол үкімет отырысында.