Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу қымбаттай түскен

Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу қымбаттай түскен

Алматы. 11 шілде. 7kun.kz - 2017 жылдың басынан бері Қазақстанда абаттандырылған тұрғын үйлерді жалға алу құны 1 пайызға қымбаттаған. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.

Комитеттің мәліметінше маусым айында пәтердің 1 шаршы метрі 1,3 мың теңгені құраған.

Жалға алудың ең жоғары мөлшерлемесі Тараз (7,1%) бен Қызылордада (4,7%) тіркелген. Ақтөбеде өсім 1,7 пайызды, Астанада 2,3 пайызды, Петропавлда 2,3 пайызды және Қостанайда 1,3 пайызды құрады. Ал Алматыда тұрғын үйді жалға алу құны керісінше 2,6 пайызға төмендеген.

Одан бөлек, жыл басынан бері жайлы тұрғын үйлерді қайта сату 0,3 пайызға қымбаттады. Ал абаттандырылмаған үйлердің бағасы 0,4 пайызға төмендеген. Жаңа тұрғын үйлердің құны еш өзгеріссіз.

Жаңа құрылыстың 1 шаршы метрі 249 мың теңге, жайлы тұрғын үйлердікі - 188,1 мың теңге және абаттандырылмаған баспаналаның 1 шаршы метрі 114,8 мың теңге.

Похожие материалы