Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда жалдамалы жұмысшылар саны артты

Қазақстанда жалдамалы жұмысшылар саны артты

Алматы. 25 тамыз. 7kun.kz - Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, 2017 жылы Қазақстанда кәсіпкерлердің саны қысқарған. Алайда, басқа ШОБ өкілдерінің сапасы жақсарып келеді. Бұл туралы sputniknews.kz хабарлады.

Қазақстанда кәсіпкерліктің өсу қарқыны бәсеңдеп, өзін-өзі жұмыспен қамтитындар саны 20 мың адамға қысқарған.

Экономикадағы тұрақсыздық жағдайы Қазақстандағы кәсіпкерлік белсенділіктің өсуіне қысым көрсетуде – 2016 жылдың 2 тоқсанындағы көрсеткіштермен салыстырып қарағанда, 2017 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша ҚР өз-өзіне қызмет етушілер саны 19,9 мың адамға (0,9%) қысқарды.

Жыл басынан бері мұндай азаматтардың саны 0,1 пайызға кеміді. Қазақстандықтар жалдамалы жұмысқа бет алып жатыр. Осы уақыт аралығында олардың қатары 76 мың адамға (1,2%) өсті.  Нәтижесінде ҚР экономикалық тұрғыдан алғанда белсенді, өз-өзіне жұмыс жасайтын тұрғындардың сапасы жақсарып келеді.

Қазіргі уақытта олардың 86,4 пайызы ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары табыс тауып отыр. 2013 жылдың басында бұл көрсеткіш тек 58,3 пайызды құраған болатын.

Қалалық кәсіпкерлер тиімділігінің деңгейі – 87,1 пайыз болса, ауылдың деңгейі – 85,9 пайызды құрайды. Алайда, ауылдағы өз-өзіне жұмыс жасайтын қазақстандықтар соңғы төрт жыл ішінде біршама алға жылжыды. 2013 жылы олардың көрсеткіші небәрі 52,7 пайыз ғана болатын.

Соңғы жылдың ішінде ҚР өз-өзіне жұмыс жасаушылар саны 16 аумақтың 8-інде өсті. Олардың қатарында Алматы облысы алдыңғы орында – 2016 жылдың 2 тоқсанымен салыстырғанда осындай тұрғындардың саны 35,7 мың адамға (19,9%), сондай-ақ Ақтөбе облысындағы тиімді кәсіпкерлер саны – 9,6 мың адамға (18,4%), Шығыс Қазақстан облысында —9,1 мың адамға (5,4%) артты.

Похожие материалы