Қазақстанда 2015 жылдың қаңтар-ақпан айларында 429.9 мың тонна жанармай өндірілген. Оның ішінде авиациялық жанармай да бар. Бұл көрсеткіш 2014 жылдың қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда 3,1%-ға жоғары, деп хабарлайды экономика Министрлігінің статистика комитеті.
Дизельдік отын өндірісі 14,4%-ға өсіп, 772,9 мың тоннан болды. Ал, мазут өндірісі 516,2 мың тонна болып, 12,9%-ға төмендеді.