Экономика
Қазақстанда жанармай өндірісі төмендеді
Қазақстанда 2015 жылдың І жарты жылдығында жанармай өндірісі 1,4 млн тоннаны құрады. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 8,7 пайызға азайған. Бұл жөнінде Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті хабарлады.
Республикада есептік кезеңде 2,2 млн тона дизель отыны өндірілген.
Бұл 2014 жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 6,2 пайызға төмен.
Ал, мыс кені өндірісі І жарты жылдықта 14,3 пайызға азайып, 16,2 млн тонна болды. Электроэнергия өндірісінде де көрсеткіштің төмендегені байқалды (-1,9 пайыз).
Тазартылған мыс өндірісі 41,2 пайызға ұлғайған. 2015 жылдың қаңтар-маусымында аталған өнімнің 200 мың тоннасы өндірілген. Одан бөлек, портландцемент (24,1%), ұн (2,9 %) және мұнай шығару (1,3 %) өндірістерінде де көрсеткіш өскен.
2015 жылдың қаңтар-маусымында Қазақстандағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі өткен жылдың І жарты жылдығымен салыстырғанда 0,6 пайызға ұлғайған.