Экономика
Қазақстанда жеке тұлғалардың табысы мен мүлкін декларациялау 2020 жылдан бастап енгізіледі
Қазақстанда 2017 жылдан бастап мемлекеттік мекеме және ұлттық компания қызметкерлері, 2020 жылдан бастап барлық физикалық тұлғалар табыс пен мал-мүлкі туралы декларация көрсетуі қажет. Аталған ереже "Қазақстан Республикасының физикалық тұлғалардың табысы мен мал-мүлкін декларациялау туралы заңнама актісіне өзгеріс және қосымша енгізу туралы" заң жобасында жазылған.
Құжатта табыс пен мүлікті декларациялау жүйесіне енудің кезең-кезеңі қарастырылған. 2017 жылғы бірінші кезеңде мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұлттық компаниялардың қызметкерлері декларацияларын көрсетуі қажет. 2020 жылдан екінші кезең басталып, декларация көрсетуге барлық физикалық тұлғалар міндетті болады.
Декларацияны Қазақстанның кәмелттік жасқа толған азаматтары, оралмандар мен тұрғын үйі бар тұлғалар, кәмелетке толмаса да атына мүлік тіркелген тұлғалар және Қазақстан аумағында мал-мүлкі бар шетелдіктер ұсынуы қажет. Құжатта Қазақстандағы және ел аумағынан тыс жердегі дүниесі мен жинағы туралы жалпы ақпарат, сондай-ақ физикалық тұлғаның міндеті мен талаптары жазылады.
Кейінірек табысы мен мүлік сатып алғаны немесе сатқаны туралы, кеткен шығыны және табыс көзі туралы ақпарат жазылған декларация жыл сайын көрсетіліп отырмақ.