Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда жергілікті бюджет ашықтығының тізбесі жасалды

Қазақстанда жергілікті бюджет ашықтығының тізбесі жасалды

Қазақстан Республикасының 16 әкімшілік-аумақтық бірліктерінің индекстерін анықтау мақсатында зерттеу жүргізілді. Аталған зерттеуді Қазақстанның ұлттық бюджеттік желісі Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен өткізді.

Жергілікті бюджет ашықтығының индексі мынадай параметрлермен анықталды:
  • Күнделікті режимде бюджеттік ақпараттың жалпыға қолжетімділігі;
  • Тұрғындардың бюджеттік процеске қатысымы;
  • Аталған аумақтағы билік өкілдерінің бюджет пен бюджет процесін көрсетудегі қызметі;
  • Бюджетке қатысты ақпараттардың БАҚ-та таралуы;
Безымянный Зерттеу нәтижесінде, жоғары нәтиже көрсеткен - ШҚО (62,51). Осыған дейін 2013 жылы жасалған зерттеу нәтижесінде де ШҚО көш бастаған. Қазақстанның Ұлттық бюджеттік жүйесінің сарапшысы Шолпан Әйтенова аталған облыстың ашық түрде жұмыс жасайтынын, халықтың бюджет істеріне қатысуға мүмкіндіктері көбірек екендігін айтып отыр. Толық жүз пайыздық көрсеткіш көрсеткен елді-мекен болмады. Ең төменгі көрсеткіш Астана (27,14), Алматы (22,07) қалалары мен Қызылорда облысында (20,51). Яғни, аталған жерлерде жергілікті билік өкілдері тарапынан бюджет пен қаржы туралы ақпаратты аз беріледі. Жергілікті органдардың қала қаржысын қайда жұмсап жатқандығы туралы мәліметтер шектелген. Зерттеу қорытындылары бойынша сарапшылар мемлекеттік басқарманың жергілікті органдары қызметінің нәтижелілігін көтеру жөнінде ұсыныстар әзірлеген. Сонымен бірге, аталған зерттеу қорытындылары мен ұсыныстар Астанада өткізілетін конференцияда көрсетіледі.

Похожие материалы