Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда жиі қолданылатын дәрілік заттар бағасының өсуі байқалмайды

Қазақстанда жиі қолданылатын дәрілік заттар бағасының өсуі байқалмайды

 Қазақстанның барлық аймақтарында  дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасы өзгеріске ұшыраған жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Осы жылдың 23 тамызында жүргізген мониторинг нәтижесінде елімізде дәрілер бағасының қымбаттауы анықталған жоқ. Тұрғындардан өтініштер мен шағымдар түскен емес. Сондай-ақ кәсіпкерлерге құны бекітілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын қайта бағалауға жол бермеу туралы хабарландырылды. Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 30 наурызында ҚР ДСӘДМ мен фармацевтикалық қауымдастықтарының басшылары дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 200 атауларына бағасын ұстап тұру бойынша Меморандумға қол қойылған болатын. Меморандумға қол қою мақсаты халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтарын қолдау болып табылады. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың отандық және халықаралық өндірушілері, дистрибьюторлар   және бөлшек  сауданың  өкілдері  2015  жылғы 1 наурыздағы деңгейінде бағаларды бекітіп, жиі қолданылатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 200 атауына бағаны ұстап тұру туралы әлеуметтік жауапкершілікке ие болды. Атап айтқанда, қабынуға қарсы, ауырсынуды және дене қызуын басатын препараттар, антибиотиктердің кейбір түрлері, сондай-ақ,шприцтер және дәкелер.

Похожие материалы