Алматы. 13 шілде. 7kun.kz – Қазақстандық өндірушілер Грузия супермаркеттерінен биопакеттерді жеткізуге тапсырыс алды. Бұл туралы «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясының баспасөзі хабарлады.
Аталған компания Тбилисиде қазақстандық 19 өндірушінің өнімдерімен таныстыру мақсатында бизнес-форум өткізді. Грузияға қазақстандық балмұздақты жеткізу туралы келісімге қол қойылды. Бастапқы көлемі - айына 4 жүк көлігі. «Сонымен қатар, грузиялық супермаркеттерге биопакеттер жеткізілмек. Келесі жылдан бастап, Грузияда полиэтиленді қаптарды өндіруге және импорттауға тыйым салынады. Сондықтан біздің өндірушілер ұсынған өнім сауда желілері тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Айына ең төменгі жеткізу көлемі - 500 мың бірлік», - деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мақсат Қабашев.
Бұл экспорттық мүмкіндіктер отандық тауар өндірушілерге еуропалық әріптестермен ынтымақтастықты жоспарлауға мүмкіндік береді. Өнімдерді кейіннен ЕО елдерінде жүзеге асыру үшін оларды сертификаттау бойынша жұмыстар басталды.