Алматы. 26 шілде. 7kun.kz – 2018 жылдың 6 айында ҚР ИДМ Көлік комитеті халықаралық автомобильмен тасымал жасау үшін 42 елмен 128,5 мың рұқсат бланкілерімен алмасты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі .
Бланкілердің жалпы көлеміндегі 105,2 мыңы жан-жақты рұқсаттамалар; 23,2 мыңы – жүктерді үшінші елдерден/ге тасымалдау рұқсат бланкілері.
Есептік мерзім бойынша қазақстандық тасымалдаушыларға 67 мыңнан астам шетелдік рұқсат бланкілері берілді. Олардың 36 мыңы немесе 53%-ы пайдаланылғаннан кейін қайтарылды. Дәстүрлі рұқсаттамалардың басым бөлігі ҚХР-на рейс жасау үшін берілді. Олардың саны – 26,2 мың. Былтырғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда Литва бағытына берілетін бланкілер көлемі мыңға өскен (6,8 мың). 6 мың бланкі Польша (6,7 мың) мен Ресейге (6,3 мың) берілген. Германия, Беларусь және Нидерланды елдеріне рұқсат бланкілері 400-ге өскен. Яғни 4,1 мың, 1,3 мың және 1,2 мыңға дейін жетіп отыр.
Айта кетерлігі, қазақстандық тасымалдаушыларға шетелдік бланкілерін беру мемлекеттік қызметі автоматтандырылған. Оны www.elicense.kz порталы арқылы алуға болады. Осы жүйеде бланкілер тасымалдаушының жылжымалы құрамын, бұрын берілген бланкілерді қайтарғанын және аймақтық органдардағы қалған бланкілердің көлемін ескере отырып таратылып үлестіріледі.