Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық балалардың 13 пайызы күнделікті фаст-фуд жейді

Қазақстандық балалардың 13 пайызы күнделікті фаст-фуд жейді

Әлеуметтік зерттеулер барысында қазақстандқ балалардың 13 пайызы фаст-фуд өнімдерін күнделікті қолданатыны белгілі болды. Бұл жөнінде денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

"Жедел дайындалатын тағам өнімдерін қолданушылар саны қалада 13,7 пайызды, ауылдық жерлерде 13,3 пайызды құрайды. Шамамен, республика бойынша күніне фаст-фудты кеміне бір реттен балалардың ы тұтынады ", - делінген ҚР денсаулық сақтау Министрлігі берген ақпаратта.

Аталған шама әлеуметтік зерттеу арқылы шығарылған. Ол зерттеуді салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері Ұлттық орталығы жүргізді. Ал, энергетикалық сусындарды қала балаларының 25,5 пайызы, ауылдық жерлердің балалары 22,7 пайызы ішетіні белгілі болып отыр.

"2015 жылдың 1 сәуірі мен 10 сәуірі аралығында Қазақстанның барлық аймақтарындағы мектептерде "Тиімді тамақтану - денсаулық негізі" ұранымен он күндік өткізіледі", - деп хабарлайды Министрлік баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, республика бойынша медицина қызметкерлері мен аспаздарға арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, сапа бақылауы, мектептерде ыстық тамақпен және таза ауыз сумен қамтасыз ету туралы дөңгелек үстелдер мен баспасөз-конференциялар, семинар-тренингтер өткізу жоспарлануда.

Баспасөз қызметі Қазақстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен 2007 жылдың наурыз айынан бастап мекемелерде газдалған, алкогольсіз энергетикалық сусындар мен қытырлық картоптар сатылымына тыйым салынғандығын ескерте кетті.

 

Похожие материалы