Экономика
Қазақстандық банктер клиенттеріне кибералаяқтардан абай болу керектігін ескертеді
Алматы. 11 наурыз. 7kun.kz - Kaspi, Halyk Bank, Казком, Астана Банкі және Сбербанк қазақстандықтарға арнайы мәлімдеме жасады деп жазады Tengrinews.kz.
Екінші деңгейлі банктердің хабарлауынша, соңғы апталарда халықаралық кибералаяқтар бірнеше рет банк есепшоттарындағы қазақстандықтардың ақшасын ұрлауға әрекет жасаған.
Бұл үшін алаяқтар клиенттерге алдын ала "вирусты" хаттар жібереді. Хат ашылғаннан кейін вирус компьютерге немесе мобиьді құрылғыға кіріп, логин мен құпиясөзді көшіріп алады. Сондай-ақ алаяқ банк қызметкері ретінде хабарласып, жеке мәліметтерін айтуды сұрайды.
Банктер банктің онлайн сервистеріндегі логин мен пароль, карта номерлерін және басқада мәліметтерді ешкімге айтпауға шақырады. "Ресми түрде мәлімдейміз, банк қызметкерлерінің жеке мәліметтерді телефон арқылы сұратуға құқықтары жоқ", - деп атап өтеді екінші деңгейлі банктерден.