Қазақстандық банктер беріп жатқан несиелер көлемі екі ай қатарынан қысқарып жатыр. Наурыз айындағы несие портфелі 36 млрд теңге, ақпан айында 61 млрд теңгеге дейін төмендеді деп хабарлайды ranking.kz.
2014 жылдың наурызымен салыстырғанда несие 370 млрд теңге аз берілген. Өткен жылдың наурыз айында екінші деңгейлі банктер 14 503 млрд теңге көлемінде несие берсе, 2015 жылы 14 133 млрд көлемінде қарыз берілді.
Соңғы есептік айда 35 банктің 16-ы ғана несие портфелінің көлемін ұлғайта алған. Ең үлкен өсім 25,5 млрд теңге көлемінде АТФ банкінде тіркелді. Нарықтағы үлесі 5,4%-ға дейін көбейді.
Екінші орында Казком+БТА тобы орналасты. Наурыз айының қорытындысы бойынша, берілген қарыз көлемі 4,42 трлн теңгені құрады. Ақпанда бұл көрсеткіш 4,40 трлн теңге деп тіркелген еді. Бұл несие нарығының 31%-ын алады.
ТОП3-ті Халық банк қорытындылайды. Қаржы институтының несие портфелі 14,8 млрд теңгеге көбейіп, 1,84 трлн-ға дейін жетті. Нарықтағы үлесі 13%-ды құрайды.