2017 жылдың мамыр айында салаға бөлінген банк несиелерінің көлемі 960,4 млрд теңгені құрады. Бұл 2016 жылғыға қарағанда, 5,2 пайызға аз.
Соңғы 5 жыл ішінде құрылыс компанияларына берілген несие көлемі 27,7 пайызға азайды. Экономика саласына бөлінген қаржының 7,6 пайызы ғана құрылыс саласына тиесілі (2016 жылы 8,2 пайыз болған).
Кредиторларды алаңдататын тағы себеп: 2017 жылдың бірінші тоқсанында ірі, орта және шағын құрылыс кәсібінде 10,8 млрд теңге көлемінде шығын болғанын хабарлады.