Экономика
Выбор редактора
Қазақстандық банктерге Алматы қаласының әкімдігі мен «Даму» Қоры көмек берді
Қазақстандық банктер Алматы қаласының әкімдігі мен «Даму» Қорынан 4 млрд теңге көлемінде қаржы алды. Аталған сома сауда мен қызмет көрсету саласындағы жергілікті кәсіпкерлерді қаржыландыруға бағытталмақ. Бұл туралы «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының баспасөз қызметі хабарлады деп жазады inform.kz
Осыған дейін наурыз айында Алматы әкімдігі мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры сауда мен қызмет көрсету салаларындағы және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына кірмей қалған салалардағы кәсіпкерлерге қаржылай көмек беру туралы келісімге қол қойған еді. Осы бағытта 4 млрд. теңге көлемінде қаржы екінші деңгейлі банктерге аударылды. Қаржының 50 пайызын әкімдік өз бюджетінен жұмсаса, қалған 50 пайызын «Даму» қоры толықтырды.
«Жібек жолы» бағдарламасы бойынша биыл алғашқы кәсіпорын ретінде азық-түлік таратумен айналысатын «Ас Маркет» ЖШС 45 млн теңге көлемінде жеңілдетілген қарызға қол жеткізді.
Қазір жалпы сомасы 700 млн.теңге болатын 19 жоба қаралуда. Бағдарламаға Жинақбанк, АзияКредит Банк, Capital Bank, Bank RBK, DeltaBank және Астана банкі қатысады. Қаражат олардың есебіне траншпен түсетін болады. «Delta Bank» АҚ - 500 млн. теңге, «Ресей Жинақ банкі» АҚ ЕБ - 900 млн. теңге, «AsiaCredit Bank» АҚ - 500 млн. теңге, «Банк «Bank RBK» АҚ - 600 млн. теңге, «Астана Банкі» АҚ - 500 млн. теңге, «Capital Bank Kazakhstan» АҚ - 200 млн. теңгені кәсіпкерлерге үлестіріп бермек.
Қарыз берілгеннен кейін бір жыл ішінде бағдарламаға бақылауды «Даму» қоры жүргізеді. Әкімшілікке бақылау бойынша құрылған жұмыс орындары, төленген салықтар жайлы барлық мәліметтер беріледі.
Несиелендіру шарттары кәсіпкерлер үшін өте тиімді, атаулы сыйақы мөлшерлемесі - жылына 7% дейін. Бір кәсіпкер 180 млн теңгеге дейін ала алады. Қарыз мерзімі - негізгі құрал-жабдықты сатып салуға 7 жылға дейін және айналым қаражатын толықтыруға - 3 жылға дейін.