Экономика
Экономика1
Қазақстандық бидайдың экспортты бағасы төмендеп жатыр
Қазақстандық бидайдың экспортты бағасы 2015 жылдың басынан бері 9,4%-ға төмендеді деп хабарлайды LS ауыл шаруашылық министрлігіне сілтеме жасап.
"Осы жылдың басынан бері экспортталып жатқан бидай бағасы тұрақты түрде төмендеп жатыр. Қаңтар айында тоннасына 212 доллар болса, ақпанда 209 долларға, наурызда 199 долларға, сәуірде 195 долларға, мамырда 192 долларға түсті", - деп түсіндірді ведомствада.
Ұлттық экономика министрлігіндегі статистика комитетінің мәліметінше, қаңтар-наурыз айларында Қазақстан жалпы құны 149,2 млн доллар болатын 640,6 мың тонна бидай экспорттаған. 2014 жылы жалпы құны 304,84 млн доллар 1,3 млн тонна сыртқы нарыққа жіберілген. Осы арқылы, бидай экспорты физикалық және қаржылық жағынан 2 есе азайды.
2015 жылы Қазақстаннан барлығынан да көп бидай сатып алған Өзбекстан болды. Көрші мемлекет 2014 жылға қарағанда 25 пайыз көп яғни 222,7 мың тонна бидай импорттаған. Қазақстандық бидай тұтынушыларының қатарында Тәжікстан (157,1 мың тонна), Қырғызстан (85 мың тонна) және Иран (54,8 мың тонна) бар.
Осыған дейін хабарланғандай, Қазақстан Сауд Арабиясына бидай жеткізілімін көбейтуі мүмкін. Сондай-ақ, аталған елдің кәсіпкерлері Қазақстан үкіметінен Сауд Арабиясына жергілікті бидайды экспорттау үшін жеңілдік беруді өтінген еді.