Экономика
Банктер ел экономикасын несиелендіруді азайтты
Қазақстандық банктер ел экономикасын аз несиелендіре бастады. 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында несиелендіру 11,5%-ға төмендеді деп хабарлайды LS.
Ұлттық банк мәліметінше, осы жылдың қаңтары мен маусым айларында экономикадағы жалпы несиелендіру көлемі 10,71 трлн теңгеге (-11,5%) жеткен. Осы жылдың маусымында өткен жылғымен салыстырғанда несиелендіру 11,9%-ға төмендеді. Экономика (-24,5%), сауда (-10,1%) және өндіріс(4,6%) саласында қарыз беру азайған. Бірақ байланыс саласында несие беру 2%-ға көбейген. Реттеуіштің түсіндіруінше, сыртқы нарықтағы жағдайдың өзгеруі мұнай бағасының төмендеуіне байланысты. Бұл өз кезегінде экономикадағы несиелендіруге теріс ықпал етеді.
Айта кетейік, 2014 жылы Ұлттық қордың активінен экономиканы қолдау үшін 100 млрд теңге бөлу қарастырылды. Нашар несиелермен күресу үшін нашар несиелер қорының жарғылық капиталы 250 млрд теңгеге толтырылған.
Осыған дейін қазақстандық банктер жұмыс істемейтін несиелердің үлесін рекордты минимумға яғни 13%-дан 9,98%-ға дейін төмендетудің сәті түсті деп хабарланған еді.