Экономика
Выбор редактора
Қазақстандық ет өнімдері Мәскеу дүкендерінде пайда болады
Қазақстандағы ет өнімдері мәскеулік дүкендерде пайда болады. Ресейлік «Москворецкий торговый дом» компаниясы және павлодарлық "Абай" ЖШС кәсіпорны ет жеткізу туралы келісімге келді деп хабарлайды BNews.kz.
Павлодар облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, келісім-шарт ҚР мен РФ кәсіпкерлерінің қатысуымен өткен XII аймақаралық келісім форумында осындай құжатқа қол қойылған.
"Ресейлік «Москворецкий торговый дом» компаниясы және павлодарлық "Абай" ЖШС кәсіпорны Мәскеу облысына ай сайын 2 мың тонна көлемінде ет жеткізу туралы келісімге келді", - деп түсіндірді Павлодар облысы әкімдігінен.