Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық интернет-бизнес туралы не білу керек?

Қазақстандық интернет-бизнес туралы не білу керек?

Қазақстанның электронды коммерция нарығындағы тауар айналымы соңғы жыл ішінде 62%-ға көбейіп, 20,5 млрд теңгеге жетті. Елдегі ең ірі маркетплейс Satu.kz-тің 2016 жыл қорытындысы бойынша есебінде осылай жазылған. 

2015 жылмен салыстырғанда сайттағы тапсырыс саны 16%-ға артқан. Мұндай өсімді ұлттық валютаның құнсыздануымен түсіндіруге болады. Орташа чек 29 мың теңгені құрады.

"Соңғы 2 жылдағы экономикалық жағдай электронды коммерцияға жаңа ойыншылардың келуіне кедергі болды. Ал тәжірибелі кәсіпкерлер өздерін сенімді сезінді. Олардың көлемі - сайтымыздағы жалпы сатушылардың үштен екісі", - деп атап өтеді Satu.kz басшысы Иван Портной.

Оның айтуынша, интернеттегі табысты сауда және e-commerce нарығының дамуы үшін Қазақстанда белгілі бір ерекшеліктер бар.

Бірінші ерекшелік - мобильдік. 

Қазақстан - ТМД елдері арасындағы онлайн-шоппинг үшін смартфон пайдаланатын мемлекеттердің көшбасшысы. Сарапшылардың мәліметінше, сауданың үштен екісі мобильді құрылғылар арқылы жүзеге асырылады. 2016 жылы олардың өсімі 33%-ды құраған.
"Біздің мәліметімізше, әбір қазақстандық мобильді құрылғымен жұмыс істегенде орта есеппен сатушыға 7 рет хабарласады. Бұл тұтынушы үшін жеке қарым-қатынас әлі де маңызды екендігін білдіреді. Сондықтан бизнес табысты болуы үшін смартфон қызметіне және телефондағы менеджердің байланысына қатты мән беруі қажет. Жалпы алғанда Қазақстан - mobile only (клиентпен байланысудың бір ғана каналы ретінде мобильді құрылғыны таңдау) компаниясы кездесетін елдің бірі. Бұл елдегі "мобилизация" трендін ғана білдірмейді, осы сегменттегі бәсекелестіктің төмен екендігін байқауға болады", - деп атап өтеді Иван Портной.

Екінші ерекшелік - жеткізу

Қазақстанда онлайн-шоппинг негізгі үш қалада шоғырланған. Satu.kz клиенттерінің үштен екісі Алматы, Астана және Теміртау қалаларында тұрады. Оңтүстіктегі үлес 43%-ды құрайды. Өзге аймақтардағы тұтынушылар үлесі шамамен бірдейі.

Интернет кәсіпкерлердің белсенділігінде де осындай тенденция байқалады. 152 мың сатушының 85 мыңы Алматыда тіркелген. Интернет-кәсіпкерлердің бестен бірі - Астана және Қарағанды облыстарында. Өзге 20% басқа қалаларда орналасқан.

Мұндай жағдай барлық елдерге тән, яғни логистика проблемасы толыққанды шешілмеген дегенді білдіреді. Барлық өңірде жедел жеткізу қызметі оперативті дамыса, интернет-сатылым да өсе түседі. Бірақ электронды коммерция нарығының географиясын кеңейтетін бір ғана мүмкіндік емес. Мен еліміздегі барлық сатушыларға өзінің сатып алушыларын жіті зерттеуге кеңес берер едім. Интернет-дүкенді де жергілікті халықтың сұранысы үшін ашу керек", - дейді электронды сауда алаңының басшысы.

Үшінші ерекшелік - ассортимент

Ұсыныстың өте көп болуы бір жағынан қолайлы бағаны таңдауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан шешім қабылдау үшін ұзақ уақытты қажет етеді.

"Сатып алушылардың өмірін жеңілдету үшін сатушының өзі ассортиментпен дұрыс жұмыс істеуі керек. Біріншіден тауарға дұрыс және толық сипаттама жазылуы тиіс. Қосымша видеоролик тәрізді құралдарды да пайдалануға болады. Танымалдылық жағынан алда келе жатқан трендтен де қалмау керек", - деген кеңес береді Иван Портной.

Бүгінде қазақстандықтардың таңдауы өзгерген. Ең танымал тауарлар ондығында спорт және демалыс заттары бар. "Сән және денсаулық", "үй және бақша" санатындағы тауарлардың сатылымы да осы жылы тиісінше 45% және 38%-ға өскен. Медицина, автосегмент 20%-ға өсті. Техника, электроника тауарларының өсімі өзгеріссіз қалды.

Похожие материалы