Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық интернет-сатып алушының бейнесі қандай?

Қазақстандық интернет-сатып алушының бейнесі қандай?

Қазақстандықтар интернеттен жиі тапсырыс беретін болған. Бірі қалаған киімін, енді бірі тұрмыстық заттар алады. 2014 жылы Satu.kz-тегі сатып алынған заттардың көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 78 пайызға өскен. Ал, 2015 жылдың бірінші жарты жылдығының өзінде 107 пайыздық өсім көрсетіп отыр. Бір жыл ішінде орташа чек 12 пайызға көтеріліп, 24,1 мың теңгені құрады.

Ең белсенді сатып алушылар

Мына статистикаға көз жүгіртіп шығыңыз. Ер адамдар - ең белсенді сатып алушылар қатарында. Ал, әйелдер олардан 10 пайызға аз. Десе де, алдағы 1-2 жылда бұл шама тең болуы да мүмкін деген болжам жасап отыр Satu.kz сарапшылары.

1438919607

Тапсырыс немен беріледі?

Қазақстандықтардың шамамен 80 пайызы компьютер арқылы қалаған затын сатып алады. Смартфонның көмегімен 16 пайызы және планшеттен 6 пайызы тапсырысты жүзеге асырады.

«Ұялы телефон арқылы тапсырыс берушілердің саны күн сайын артып келеді, - дейді Satu.kz жергілікті директоры Лаура Шаймаханбетова. -  2015 жылдың алғашқы тоқсанында тауарларды смартфон арқылы қарайтындар саны 109%-ға, планшет арқылы көретіндер - 43%-ға көбейген. Бұл әлемдік тренд: қолданушы алдымен смартфоны арқылы тауарды қарайды да, тапсырыс берер кезде ДК арқылы жасайды.

Зат сатып алу үшін смартфонды қолданатын қазақстандықтар саны украиналықтар, белорустар мен ресейліктерден біршама жоғары. Бұл елдегі 3G  интернеттің жақсы дамуының көрінісі. Батыс Еуропа елдерінде әрбір екінші сатып алу ұялы телефон арқылы жүзеге асырылады.

1438924578 (1)

Тауар қалай және қашан жеткізіледі?

Қазақстанда курьерлік жеткізу түрі көбірек қолданылады. 40 пайыздан артығы өздігімен барып алғанды жөн кереді екен. Тапсырыстың сапасы тексеріп алу үшін осы соңғы әдісті қолданатын болу керек. Және тағы бір түрі - поштамен жеткізу.

Уақыт өте құнды дүние. Сол себепті сатып алушылардың үштен бірі тапсырысты сол күні-ақ алғысы келеді. Әрбір төртіншісі келесі күнге дейін күтуге даяр. Ал, қалған бөлігі 3-7 күн аралығында келсе де болады дейді. Онлайн-сатушылардың да, сатып алушылардың да көп бөлігі Астана мен Алматы қаласында.

Десе де, интернет-сатушыларға айтар кеңесіміз: дәл уақытында және тез жеткізілгені сізге артық ұпай сыйлайтынын ұмытпағайсыз.

Қай уақытта тапсырыс береді?

Тапсырыстың 16%-дан артығы жұмыс аптасының басында жасалады. Ал, тапсырыс беру уақытына келер болсақ, сағат 11:00 мен 17:00 аралығы.

1438926251

Интернеттен не сатып алады?

Көбіне жеке қолдануға арналған тауарларға тапсырыс беріледі. Ал, өндірістік және бизнеске арналған тауарлар алу сирек. Түрлі қызметтерге тапсырыс одан да төмен. Бұған себеп нарықта осындай ұсыныстардың жетіспеуі. Оффлайн тапсырыстардың онлайнға ауысуы - әлем бойынша жақсы дамып келеді. Осы жетіспеушіліктің орнын өз уақытында толтырғандар алтын балықты аулап алғандармен тең болады.

1438930065

Қай аймақ көп тапсырыс береді?

Қазақстан интернеттен сатып алушыларының басым көпшілігі - Алматылықтар. Екінші орында батыс аймақтың тұрғындары.

БезымянныйМінеки, еліміздегі интернет-сатып алушылар бейнесі осындай.

Ақпарат көзі: Forbes.kz 

Похожие материалы