Алматы. 12 шілде. 7kun.kz - Қазақстандық әйелдердің білімі жоғары, алайда жұмыспен қамтылуы төмен. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.
Жоғарғы және орта кәсіби білім әйелдердің 80 пайызында, ал ерлердің 73 пайызында бар. Бірақ жұмыссыздық деңгейі әйелдерде (5,5%) ерлерге қарағанда (4,4%) жоғары.
2017 жылдың мамырындағы қорытындысы бойынша, Қазақстанда 8,54 млн жұмысбасты қазақстандық болса, 2016 жылдың аталған мерзімінде 8,48 млн адам болған.
2017 жылдың бірінші тоқсанында жұмысбасты халықтың көрсеткіші 0,8 пайызға өскен. Олардың 52 пайызы - ер адамдар. Ерлер саны 0,9 пайызға, ал әйелдер саны 0,7 пайызға артқан.
Жұмыс күшінің жұмыспен қамтылу деңгейі 95,1 пайызға жетті. Жұмысбасты халықтың 6,4 млн адамы (75,2 пайызы) - жалдамалы жұмысшы, ал 2,1 млн адам (24,8 пайыз) - дербес жұмысшылар.
Жұмыс күшінің жалпы саны (15 жастан жоғары) 2017 жылдың бірінші тоқсанында 8,89 млн адамға жетті, 2016жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 0,7 пайызға жоғары.
Жұмыспен қамтамасыз етілген 52 пайыз ер адамдардың 46,1 пайызы ғана - жоғары білімді. Ерлерге қарағанда, әйел адамдардың білімі жоғары екендігі ерекше аталады. Жұмысбасты ерлердің 34,5 пайызында, ал әйел адамдардың 43,8 пайызында жоғары білімі бар. Ал жалпы жұмыспен қамсыздандырылған қазақстандықтар білімі жоғары халықтың 39 пайызын қамтиды, орта кәсіби білімділер - 37,5 пайыз, жалпы орта білімі барлар - 17
2016 жылдың қорытындысы бойынша, ерлердің орташа нақты айлығы - 169,35 мың теңге, ал әйелдердің орташа айлығы - 116,1 мың теңге (31,4 пайызға кем).