Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық көкөністерді Қытайға экспорттау жоспарланып отыр

Қазақстандық көкөністерді Қытайға экспорттау жоспарланып отыр
Алматы. 4 қараша. 7kun.kz - Алдағы 5 жылда көкөніс өсірушілер қазақстандық картоп қауызы мен крахмалды Қытай нарығына тасымалдауды жоспарлап отыр. Бұл туралы ұлттық палата басқармасынан хабарлайды. Қазақстандық кәсіпорындарға өнімдерін Қытай Халық Республикасына экспорттауға үлкен мүмкіндіктер туды. Сатылымға картоп, қырыққабат, қызылша, сәбіз сияқты көкөністер шығарылады. «Бізде сұрыпты жаңарту, өсіру мен сақтау технологиясының нақты жүйесі бар. Соңғы 5 жылда бұл сала қарқынды дамыды. Осы жылы біз отандық картопты тоқтаусыз 20 маусымға дейін саттық, кейіннен сатылымды 20 шілдеде жаңарттық. Мұндай жақсы көрсеткіш көкөніс нарығында биыл бірінші рет орын алды және барлығы жаңа технологиялардың арқасында жүзеге асты», - деді картоп және көкөніс өсірушілер одағының басшысы Қайрат Бисетаев. Оның сөзінше, егер осы беталыс сақталса, онда тіпті келесі жылы өнімдерді Қытайға экспорттау басталуы мүмкін. «Қазір біз Ресейге сатамыз, осы жылы Өзбекстан сатып ала бастады, алдағы 2-3 жылда өндірісті одан әрі жетілдіріп, Қытай нарығына да шығамыз», - деп түсіндіріп өтті Қайрат Бисетаев.  Оның айтуынша, Қазақстан сәбіз, қызылша, қырыққабат өнімдерін қазіргіден бірнеше есе артығымен өсіре алады, тек оны әзірге нарық қана шектеп тұр екен. «Келесі алға қойылған бағыт – ол картоп қауызы мен крахмалды қайта өңдеу. Крахмал Қытай өндірісінің барлық салалаларында дерлік қолданылады және олардың өндірісіне біздің отандық картоптар өте жарамды. Бізде қазір баға деңгейі қалыпқа келді. Осы екі сала бойынша алдағы 5 жылда біз өзімізді Қытайға потенциалды өнім беруші ретінде елестете аламыз», - деді еліміздің бас көкөніс өсірушісі.

Мөлдір ИМАНМӘДИ "7"

Похожие материалы